Бизнесті қорғау: прокуратура 3,5 мың іс бойынша айыппұлдардың заңсыз салынғанын анықтады

1761

Прокурорлар кәсіпкерлерді әкімшілік жауапқа тарту кезіндегі заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, бизнесті қорғау бойынша жұмыс шеңберінде прокуратура органдары екі айлық ескіру мерзімінің өтуіне қарамастан, мемлекеттік кірістер органдары кәсіпкерлерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 92-1 бабы (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнаманы бұзу) бойынша барлық жерде әкімшілік жаза қолданғанын анықтады.

Мысалы, Ақмола облысының Бұланды ауданында құқық бұзушылық жасалған күннен бастап 4 айдан кейін ЖШС ӘҚБтК-нің 92-1-бабының 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылған. Орта кәсіпкерлік субъектісіне 438 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.

Прокурорлар барлығы 3,5 мың осындай істі анықтады.

Бүгінге прокурорлардың актілері бойынша 2,5 мыңнан астам айыппұл мен ескерту алынып тасталды.

Заңсыз салынған әкімшілік жазаларды қайта қарау жұмыстары жалғасуда.

Қазіргі уақытта ӘҚБтК-нің 92-1-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді белгіленген мерзімдер өткеннен кейін қозғау тәжірибесін салық органдары тоқтатты.

Прокуратураның шаралары бойынша жол берілген бұзушылықтар үшін бірқатар лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапқа тартылды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить