Елордада Әл-Фараби даңғылының бөлігі жабылады

1679

 Елордада Әл-Фараби даңғылының Досмұхамедұлы көшесінен бастап Алаш тас жолына дейінгі учаскесі жабылады, деп хабарланды қала әкімдігінің Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының Instagram-дағы парақшасында.

«Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту баскармасы» MM жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана каласының ПД әкімшілік полиция Басқармасымен келісе отырып, Досмұхамедұлы көшесінен бастап Алаш тас жолына дейінгі учаскеде Әл-Фараби даңғылында орташа жол жөндеу жұмыстарының жүргізіліп жатқаны туралы хабарлайды.
Осыған байланысты ағымдағы жылдың 4 пен 7 тамыз аралығында автокөлік құралдары үшін көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады» делінген хабарламада.

Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдардағы кептеліс жағдайларын болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить