Қазақстанның солтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр жауады

1868

 3-5 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, нөсер жауын жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Синоптиктердің болжамынша, таяу күндері Қазақстан аумағында ауа райында айтарлықтай өзгеріс болмайды.

Елдің басым бөлігі бұрынғыша атмосфералық ауа ағындарының ықпалында болады, найзағай ойнап, нөсер жауын жауады. Республиканың солтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр жауып, жел соғады және бұршақ жаууы ықтимал.

Елдің батыс өңірлерінде қысым жоғары болып, күн ашық болады. Температура да айтарлықтай өзгермейді.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить