Әлеуметтік-еңбек саласындағы қызметтерді автоматтандыру: 114 млн теңге үнемделді

2839

Астанада Дін істері комитетінің мемлекеттік стандартына сәйкес келмейтін кітаптарды заңсыз сату фактісі анықталды, деп хабарлайды  полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Елордалық полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу кезінде «Артем» орталық базарының аумағында уәкілетті органның тиісті рұқсатынсыз әдебиеттер дүкені ашылғанын анықтады.

Аталған факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы 1-бөлігі 3-тармағын (діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелу, өндіру, шығару, басып шығару және (немесе) тарату) негізге ала отырып әкімшілік хаттама толтырылды.

Астана қаласы Полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері экстремистік идеяларды насихаттайтын тұлғаларды, сондай-ақ тыйым салынған діни әдебиеттерді тарату фактілерін анықтау мақсатында тұрақты түрде жергілікті рейдтік іс-шаралар өткізіп тұратынын ескертеді.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить