Алматыда 200 мыңнан астам тұрғынды үздіксіз электрмен қамтамасыз ететін станциясының құрылысы аяқталды
В Алматы завершено строительство подстанции, которая обеспечит электроснабжением свыше 200 тыс. жителей
Алматының Бостандық ауданында Гагарин мен Қожабеков көшелерінің қиылысында орналасқан «Алмагүл» қосалқы станциясының құрылысы бойынша жұмыстар 100% аяқталды. Сондай-ақ, осы қосалқы станцияға 110 кВ электрмен жабдықтаудың 4,8 км кабельдік желісін төселді.
Бұл қосалқы станция Алматының оңтүстік бөлігіндегі тұтынушылардың жүктемесін азайтады. Оған «Алмагүл» шағын ауданы әл-Фараби-Жароков-Өтепов-Розыбакиев көшелерінің қиылысында салынып жатқан және жаңа тұрғын үй кешендері қосылатын болады. Секцияларда кабельдерді қосу және тұтынушы жүктемелерді аудару жөніндегі іс-шаралар «АЖК» АҚ-мен жүргізіледі.
Айта кетерлігі, қосалқы станцияға қажеттілік Бостандық ауданында жаппай, ретсіз салынған құрылыстарға байланысты электр қуатының жиі үзілуіне қатысты. Бұл мәселені Алматы әкімімен кездесу барысында Бостандық ауданының тұрғындары көтерді. Ерболат Досаев осы қосалқы станция бойынша барлық жұмыстарды ағымдағы жылдың шілде айының соңына дейін аяқтауды тапсырды.
Вам может быть интересно: «Мьянма продлила действие чрезвычайного положения еще на 6 месяцев»
Подписывайтесь на наш канал в Telegram