Қарағанды облысындағы балалардың жаппай улануына байланысты тергеу басталды – Бас прокуратура

1982

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі Қарағанды облысында балалардың жаппай тамақтан улануына байланысты тергеу басталғанын мәлім етті

«31.07.2023 жылы балалардың тамақтан улану фактісі бойынша «Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ ҚР ҚК-нің 304-бабының 2-бөлігі (ауыр зардаптарға әкеп соқтырған санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қылмыстық іс Қарағанды облысы прокуратурасының арнайы прокурорларының бақылауына қабылданды»,-делінген баспасөз қызметінің мәліметтерінде.

Сонджай-ақ онда тергеуге құқық қорғау және арнайы органдардың тәжірибелі қызметкерлері жұмылдырылып, ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылғаны айтылған.

Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу шеңберінде жауапты лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне тиісті құқықтық баға берілетін болады.

Елімізде жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларға арнаулы медициналық-әлеуметтік қызмет көрсететін 84 мекеме бар (37 балаларға арнаулы медициналық-әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, 47 балалар үйі, сондай-ақ 2959 баланы қамтитын отбасын қолдау орталықтары).

Сонымен қатар, Бас прокуратура уәкілетті мемлекеттік органдар мен аумақтық прокурорларға аталған мекемелерді кешенді тексеруді ұйымдастыруды тапсырды.

Қарағанды облысында балалар неден уланғаны әлі анықталмады - министрлік

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алғашқы тексеру кезінде Қарағанды облысындағы балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жеткіншектер тамақтан уланбағаны анықталды.

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше бізге Қарағандыда балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемеден 12 баланың ауруханаға түскені туралы ақпарат келді. Бұл 12 балаға қазір белгісіз заттан улану диагнозы қойылып отыр, яғни уланудың нақты себебі белгісіз. Оны анықтауға уақыт керек», - деді А. Есмағамбетова Үкіметте тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, 12 баланың арасында біреуі көз жұмды. Алты бала жансақтау бөлімінде, бес баланың жағдайы орташа ауыр.

«Себепті анықтау үшін уақыт қажет. 30 шілде кешке қарай балалар ауруханаға түсті, қалғандары 31 шілдеде келе бастады. Бұған дейін тамақтан уланған деген күдік болғанымен, бастапқы тексеру кезінде тамақтан улануға еш қатысы жоқ екені анықталды», - деді вице-министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалардың жаппай улану дерегі тіркелді.

Оқиға орнына Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният аттанды.

Кейінірек Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова Үкіметте тілшілердің сауалдарына жауап бере отырып, балалардың неден уланған әлі анықталмағанын хабарлады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить