Балалардың құқығын қорғау комитеті Павлодарда соққыға жығылған жасөспірімнің ісін бақылауға алды

2088

 Павлодарда соққыға жығылған жасөспірімнің ісі бақылауға алынды және осы жағдайға кінәлі адамдардың барлығы жазаланады, деп мәлімдеді Балалардың құқын қорғау комитетінің баспасөз қызметі.

«Балалардың құқын қорғау комитеті осы жағдайды бақылауға алды. Қазір оқушы ауруханада ем алып жатыр. Зардап шеккен балаға жан-жақты көмек көрсетіледі. Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кінәлі адамдардың бәрі жазаға тартылады», - делінген комитет мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, ведомство балалар зұлымдығының алдын алу үшін өңірлердегі білім беру ұйымдарына тәрбие жұмыстарын және балаларды 100% қосымша біліммен қамтамасыз ету шараларын күшейту тапсырды.

Павлодарда университет жанындағы стадионда бірнеше адам 14 жасар жасөспірімді соққыға жыққанын еске сала кетейік. Төбелеске қатысқан адамдардың барлығы анықталды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить