Шымкент тұрғынынан әлеуметтік желі арқылы 100 мың доллар бопсалаған адам оның досы болып шықты

1861

Қаратау ауданының тұрғыны полицияға бопсалау туралы арыз түсірді. Жас жігіт өзін әлеуметтік желінің белгісіз қолданушысы қорқытып, одан 100 мың доллар талап еткенін айтты, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Бопсалаушы жігіттің интимдік сипаттағы жеке суреттері мен видеоларын интернетке жариялайтынын айтып, қорқытқан.

Белгісіз адамның сөзіне сеніп, өзінің беделіне алаңдаған тұрғын оның ьалабын орындауға келісіп, 10 миллион теңге салынған сөмкені көшелердің біріндегі темір құбырдың астына қалдырған.

Күдіктіні бірнеше сағаттан кейін ақшаны алуға келген кезінде полиция қызметкерлері қылмыс үстінде ұстады.

Аталған жайт ҚР ҚК 194-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тіркеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Ұсталған адам өзінің досы болып шықты.

Белгілі болғандай, досының мас күйін пайдаланған жолдасы, оның смартфонындағы жеке суреттері мен бейнежазбаларын өзіне өткізіп алған.

Бопсалаушы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить