Қостанайлықтар 10 күн бойы ыстық сусыз отырады

3687

Қостанай тұрғындары магистралды газ құбырын жөндеу және қазандықтарды газдан ажырату жұмыстарына байланысты 10 күн ыстық сусыз қалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қостанай жылу энергетикалық компаниясына сілтеме жасап.

«Құрметті Қостанай қаласының тұрғындары! «Қостанай Жылу энергетикалық компаниясы» МКК сізге магистралды газ құбырын жоспарланып отырған жөндеуге және ЖЭО, қазандықтарды газ беруден ажыратуға байланысты 1-10 тамыз аралығында Қостанай қаласының тұрғын үйлері мен әлеуметтік нысандарын ыстық сумен жабдықтау тоқтатылатынын хабарлайды. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - деп хабарлады коммуналдық кәсіпорыннан.

Қостанай қаласы тұрғындарының жылу және ыстық су үшін дебиторлық берешегі 550 млн теңгеден асты.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить