Мемлекеттік кірістер комитеті әлеуметтік төлемдерге қатысты қалыптасқан жағдайды түсіндірді

3691

ҚР мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері әлеуметтік төлемдердің жеке шоттарда көрінуіне қатысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, зейнетақымен қамсыздандыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамаларға сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (мемлекеттік корпорация) өткен күн үшін күн сайын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (Комитет) келіп түскен, сондай-ақ қайтарылған, қате аударылған әлеуметтік төлемдер және электрондық төлем тапсырмаларының тізілімдерін ұсынады.

Дегенмен, мемлекеттік корпорация 2023 жылғы 23 маусымда Комитетке келіп түскен төлем құжаттарының күні 2023 жылғы 22-23 маусым деп көрсетілген әлеуметтік төлемдер тізілімін дұрыс жібермеді, бұл төлеушілердің жеке шоттарында әлеуметтік төлемдердің екі еселенген сомаларының көрінуіне әкеп соқты.

Нәтижесінде 2023 жылғы 27 шілдеде әлеуметтік төлемдер бойынша 2023 жылғы 23 маусымдағы тізілім жойылып, мемлекеттік корпорация 2023 жылғы 23 маусымдағы әлеуметтік төлемдер жөніндегі тізілімді комитетке қайта жіберді.

Қазіргі уақытта 2023 жылғы 22-23 маусымдағы әлеуметтік төлемдердің аударылған сомалары төлеушілердің жеке шоттарына дұрыс таратылып жазылды.

 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить