Астана қаласының прокуратурасы мемлекетке 1 миллиардтан астам теңге қайтарды

2264

 Астана қаласының прокуратурасы мемлекетке 1 миллиардтан астам теңге қайтарды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, елорда прокуратурасы мемлекет пайдасына шығарылған сот актілерінің орындалуына талдау жасады.

Прокурорлық қадағалау актісін енгізу нәтижесімен сотталғанға тиесілі жалпы бағасы 1 млрд. 62 млн. теңге құрайтын 5 жер учаскелерін өндіру арқылы келтірілген шығын мемлекет пайдасына өтелді.

«Осылайша, прокуратура қабылдаған шаралар қылмыс жолымен табылған сотталғанның мүлкін мемлекет пайдасына өндіру арқылы сот үкімін орындады»,-делінген хабарламада.

 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить