Ұлытау облысында достарымен бірге демалып жүрген жас жігіт суға батып кетті

2350

- Ұлытау облысында достарымен бірге демалып жүрген жас жігіт суға кетті, деп хабарлайды  облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

«30 шілдеде, сағат 17:30-да Кеңгір су қоймасының солтүстік-шығыс жағалауында 2000 жылы туған жас жігіт тыйым салынған жерде суға түсу кезінде батып кетті. Оқиға туралы құтқарушыларға бірге демалыста болған достары хабарлаған. Құтқарушы-сүңгуірлер суға батқан адамның денесін жағадан 8 метр қашықтықта, 3,5-4 метр тереңдіктен тапты. Бұл жерде су қоймасының түбі бір келкі емес, тереңдікте күрт төмендейді. Жанында болған куәгерге ӘҚБК-нің 412-бабы бойынша әкімшілік жаза белгіленді» делінген хабарламада.
Ұлытау облысының ТЖ департаменті шомылу кезеңінде қайғылы жағдайға жол бермеу үшін судағы ережелерді сақтауды ескертеді:
- Жабдықталмаған жерлерде шомылуға қатаң тыйым салынады!
- Жүзе алмайтын болсаңыз, белден жоғары суға түспеңіз!
- Балаларды қараусыз қалдырмаңыз!
- Мас күйде шомылмаңыз!
- Бейтаныс жерлерде шомылмаңыз!
- Түнде шомылмаңыз!

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить