Жетісу облысында егін ору жұмыстары басталды

2319

Жетісу облысындағы Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Сарқан аудандары мен Талдықорған қаласында егін ору жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, бүгінде 46,3 мың гектар масақты-дәнді дақылдар орылып, 85,7 мың тонна астық бастырылған. Орташа өнімділік гектарына 18,5 центнерден айналып отыр.

«Егін жинау жұмыстарына облысқа 7 924 тонна дизель отыны бөлінді. Қазір оператор анықталды, жергілікті оператор ресурс ұстаушы компаниямен келісімшартқа отырды. Оператордың резервінде қазір 500 тонна дизель отыны бар. Сұйық отын беруге шаруашылықтармен келісімшарттар жасалып жатыр», - делінген басқарма хабарламасында.

Жалпы, облыста дәнді дақылдар 325,2 мың гектарға себілген, соның 267,2 мың гектары – масақты-дәнді дақылдар.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить