Азия чемпионатында қазақстандық каратэшілер екі күнде 10 медаль жеңіп алды

Малайзияның Малакка қаласында WKF каратэден ересектер арасындағы XIX Азия чемпионаты өтіп жатыр. 

Кумите бағдарламасында тəжірибелі Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг) пен Қайсар Алпысбай (-60 кг) əнұранымызды шырқатты.

Ал Мөлдір Жаңбырбай (-50 кг) мен Гүлмира Үсенова (-55 кг) финалда қарсыласқа есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ Данияр Юлдашев (-84 кг) пен Абылай Төлтай (+84 кг) өз салмағында қола медаль жеңіп алды.

Қазір Қазақстан құрамасы 3 алтын, 3 күміс, 4 қола медальмен жалпы есепте 1-орында келе жатыр. Одан кейін Иран мен Йордания тұр. Азия чемпионаты ертең мəресіне жетеді.

Биылғы бәсекеге барлығы құрлықтағы 31 елден 400-ге жуық татами шебері жиналды. Бұл қатарда 19 қазақстандық бар.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте