Астанада теннистен жазғы спартакиада аяқталды

Астана қаласында теннистен ҚР VI жазғы Спартакиадасы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бір аптаға созылған бәсекеге Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарынан 45 спортшы қатысты. Оның ішінде ерлер - 23, әйелдер - 22.

Жалпыкомандалық есепте Алматы қаласының спортшылары жеңіске жетсе, екінші орын Астана қаласының командасына бұйырды. Үшінші орынға Қарағанды облысы ие болды.

Спартакиада нәтижесін назарларыңызға ұсынамыз:

Жекелей сында:

Ерлер:

1. Тимур Мәуленов (Қызылорда облысы);
2. Ерасыл Ерділдә (Қызылорда облысы);
3. Григорий Ломакин (Қарағанды облысы).

Әйелдер:

1. Полина Слепцова (Алматы қаласы);
2. Гозаль Айнитдинова (Түркістан обл);
3. Асылжан Арыстанбекова (Алматы қаласы).

Жұптық сын:

Ерлер:

1. Григорий Ломакин, Виталий Зацепин (Қарағанды облысы);
2. Даниил Фелькер, Никита Сидиров (Алматы қаласы);
3. Ерасыл Ерділдә, Тимур Мәуленов (Қызылорда облысы).

Әйелдер:

1. Асылжан Арыстанбекова, Полина Слепцова (Алматы қаласы);
2. Аружан Сағындықова, Ульяна Романова (Астана қаласы)
3. Амира Қазтуған, Зинира Жунусова (Ақтөбе облысы).

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте