Алматы - Бішкек тасжолына алып баратын жол ашылды

2859

Алматы өңірінде «Асыл Арман» тұрғын үй кешені маңындағы эстакадада көлік қозғалысы ашылды, деп хабарлайды  «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы.

«Асыл Арман» тұрғын үй кешені маңындағы эстакадада қауіпсіз көлік қозғалысы қамтамасыз етілді. Негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды. «Асыл Арман» тұрғын үй кешені тұрғындары «құбыр» үлгісіндегі жолайрық арқылы Алматы қаласына қарай және республикалық маңыздағы «Алматы - Бішкек» тасжолына кедергісіз шыға алады. Сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті жол белгілері орнатылып, жол таңба сызығы жаңартылды», - деп жазды ведомстводан.

Биылғы күзде нысан пайдалануға берілмек.

Мердігер ұйым келісімшартқа қол қойған күннен бастап бір жылға жуық уақыт аралығында жол қозғалысын қамтамасыз етті.

 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить