600-ге жуық көкөніс қоймасы статистикада жоқ – ҚР Сауда және интеграция министрлігі

2585

590-нан астам көкөніс қоймасы статистикада жоқ. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің алқа отырысында Сауда Комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков мәлімдеді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Өткен жылы Мемлекет басшысы қолда бар азық-түлік қорлары туралы түсініктің болмауы және соның салдарынан ішкі нарықты қорғау жөнінде объективті шешімдер қабылдау жөніндегі жағдайдың ауырлығын атап өткен болатын.

«Аумақтық сауда департаменттері әкімшілікпен бірлесіп, Ұлттық статистика бюросы есепке алмаған көкөністерді сақтауға арналған 593 нысанды анықтады. Қазір оларды есепке қою мәселесін пысықтап жатырмыз», - деді Айдар Әбілдабеков алқа отырысында.

2023 жылдың басынан бастап Сауда комитетінің төрағалығымен өңірлік комиссиялардың 995 отырысы өткізілді, оның қорытындысы бойынша 298 өнімсіз делдалдар және сауда үстемесін асыру фактілері анықталды.

«Өткізілген отырыстардың саны анықталған бұзушылықтардан 3 есе көп. Бұл өңірлердегі делдалдық схемаларды тергеуге өңірлік комиссиялардың әлсіз, әрі үстірт жұмысын көрсетеді», - деді Айдар Әбілдабеков кеңейтілген отырыста.

Комитет төрағасының айтуынша, СИМ әкімдіктерден берген ҚР Сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу құзыреті биылғы 27 сәуірден бастап әкімдіктерден СИМ-ге берілген болатын, ал оны тікелей аумақтық департаменттер іске асыра бастады. Сол уақыттан бастап 233 әкімшілік іс қозғалды, оның ішінде 172-сі сауда үстемесін асырғаны үшін, 61-і тауарларға әртүрлі бағаларды қолданғаны үшін.

 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить