Сауда министрлігі: ішкі тауар айналымының өсімі 24%, инвестиция – 53%-ды құрады

1627

2023 жылдың 5 айында ішкі тауар айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24%-ға артып, 20,4 трлн теңгені құрады. Тартылған инвестициялар көлемі де 53,2%-ға өсті (122,7 трлн теңге.). ҚР Сауда және интеграция министрлігінің алқа отырысында осы жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылды.

Сауда және интеграция министрлігі бөлімшелері саласының 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы негізгі жетістіктері:

●Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің баға индексі 4,2% құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 4 есе төмен. Жылдық мәнде өсу қарқыны 2 есеге, 2022 жылғы 17,7%-дан 2023 жылы 9,1%-ға дейін төмендеді.

●Мемлекет басшысының "таза парақтан" реттеуді енгізу жөніндегі тапсырмасын іске асыру үшін сауда қызметін реттеу жөніндегі заңнамаға түзетулер қабылданды. Өзгерістер базар иелерін тариф белгілеу тәртібін, сауда орындарын жалға беру шарттарын, жалдау шартын бұзу негіздерін және қосымша қызметтер тізбесін көздейтін регламентті бекітуге міндеттейді.

●Отандық өндірушіні импорттық өнімнің демпингінен қорғау жөніндегі құрал әзірленді, ол әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына ең төменгі көтерме бағаны (МОО) белгілеуді көздейді.

●Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде қазіргі заманғы форматтағы сауда объектілерін салу, кеңейту, жаңғырту жобалары бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау көзделген.

●Тауар биржаларының сауда жүйесіне қойылатын талаптар өзектендірілді, қант бойынша биржалық сауда-саттық ережесінің аяқталу сатысында биржаларды тексеру және мониторингілеу жөніндегі жүйелі іс-шаралар күшейтілді.

●8 768 ұлттық стандартқа тегін қолжетімділік қамтамасыз етілді, бұл кәсіпкерлерге 50 млн-нан астам теңге үнемдеуге мүмкіндік берді.

●СИМ жанынан өнімнің қауіпсіздігін және тауарлардың еркін қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында ситуациялық штаб құрылды, оған 4 министрліктің мамандары кіреді. Сүт өнімдерінің импортына тыйым салуды енгізу алгоритмі әзірленді, сүттің 1 маркасына уақытша тыйым салынды, ал 4-ге күшейтілген зертханалық бақылау енгізілді.

●Осы жылдың 1 ақпанынан бастап техникалық кедергілер, тауарларға қойылатын талаптар және қауіпсіздік мәселелері бойынша қазақстандық кәсіпкерлер мен тұтынушылардың мүдделерін қорғау бойынша call-орталық жұмыс істейді.

«Мемлекет басшысы Үкімет алдына биылғы жылы инфляцияны екі есеге төмендету міндетін қойған болатын, ал біз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексінде айтарлықтай салмағы бар тауарлар бағасының тұрақтылығын және осы тауарларды өндірушілерді қолдауды қамтамасыз етуге тиіспіз. Сауда комитетіне бұл мәселені күнделікті бақылауда ұстауды тапсырамын», – деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин.

Вице-премьер 2023 жылдың соңына қарай жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 19 базарды жаңғыртуды аяқтау қажет екенін айтты. 2023 жылғы 1 қыркүйекке дейін – жылыжайлардың ұлттық стандартқа сәйкестігін бағалау бойынша инспекция органдарын аккредиттеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды, сондай-ақ жылыжайларға қолжетімді көмір мәселелерін реттеу үшін және оңтүстік өңірлердің фермерлерінен арзан импорттық көкөністердің үстемдігіне түскен шағымдарды назарға ала отырып, жағдайды зерттеу үшін Түркістан облысына мамандар жіберуді тапсырды.

«Ахуалдық штаб отырысында жергілікті фермерлерге қандай қолдау шараларын көрсетуге болатыны туралы мәселені қарастырыңыз», – деп қорытындылады вице-премьер.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить