Көлік прокуратурасы теміржолмен жолаушы тасымалдауға қатысты министрдің бұйрығына наразылық келтірді

1632

Көлік прокуратурасы т/ж көлігімен жолаушыларды тасымалдау Қағидаларына қатысты Министрдің бұйрығына наразылық келтірді, деп хабарлайды ҚР Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, көлік прокуратурасы жоспарлы талдау нәтижелері бойынша Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылдың 30-сәуірдегі «Теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк-багажын және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына наразылық келтірді.

Осы Қағидаларға сәйкес 15 және жасы одан асқан балалар «ҚТЖ «ҰК» АҚ-ың қызметтерін заңды өкілден нотариалды куәландырылған жазбаша келісім мен сенімхат болған жағдайда ғана дербес пайдалана алатыны анықталды.

Бұл норма Азаматтық кодекске және «Нотариат туралы» Заңға сәйкес «келісімді» куәландыру мен «сенімхат» беру екі өз алдына бөлек нотариаттық іс-әрекет екені ескерілмеген.

Бұл ережелерді қолдану мониторингі көрсеткендей, жолсеріктер Қағидаларға сілтеме жасап, бұндай жолаушылар сапарға жіберілмей немесе оларды қозғалыс барысында алынып тасталынған жағдайлар болған.

Бүгінгі таңда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі прокуратураның наразылығын толық көлемде қанағаттандырды және «ҚТЖ «ҰК»АҚ бір ғана құжаттың (нотариалды куәландырылған келісім) болуы бойынша осындай қызметтер көрсету туралы нұсқау берді.

«Сонымен бірге уәкілетті орган Жолаушыларды т/ж көлігімен тасымалдау жөніндегі Қағидаларға тиісті түзетулер енгізу және жалпы оны жетілдіру жұмыстарын жалғастыруда»,-делінген Бас көлік прокуратурасының хабарламасында.

 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить