Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты 2 айға қамауға алынды

2799

Ұлттық музейдің бұрынғы директоры, 8 жылға бас бостандығынан айрылған Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі елорда сотына сілтеме жасап.

«2023 жылғы 3 шілдеде Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М. Тулеевті 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - делінген Астана сотының хабарламасында.

Айта кетсек, 3 шілде күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты қамауға алынғаны туралы хабарлаған еді. Аталған ведомство мәліметінше, адвокат пара беруге итермелеу күдігіне ілінді. Ал А.Мұхамедиұлының әйелі пара беруге оқталды деп күдіктеліп отыр.

Еске салайық, Арыстанбек Мұхамедиұлына 2023 жылғы 20 маусымда сот үкімі шығып, ол 8 жылға сотталды.

Антикор музей басшысына «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу барысында қаржы жымқырды деген айып таққан болатын.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить