Павлодарлық жедел уәкілдер зейнеткерлерді алдаған күдікті топты ұстады
Егде жастағы 30-ға жуық тұрғын алаяқтық бойынша шағымданды, деп хабарлайды polisia.kz.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, алаяқтық әрекеттер жасау күдігі бойынша қылмыстық топ ұсталды. Олар 19-21 жас аралығындағы Павлодар қаласының төрт тұрғыны болып шықты. Қазір олардың алты алаяқтыққа қатысы анықталды, алдау арқылы зейнеткерлерден шамамен 25 млн теңге қаражат иеленген. Ұсталғандардан 3 млн 900 мың теңге тәркіленді, олар екі жәбірленушіге қайтарылды.
ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Екеуіне қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы,тағы екеуіне қатысты ешқайда кетпеу туралы жазылым түріндегі бұлтарпау шаралары таңдалды. Олардың ұқсас фактілерге қатысуы тексерілуде.
Вам может быть интересно: «Алматы облысында айналымнан шыққан 57 мың гектар суармалы жер қалпына келтіріледі»