Жезқазған және Балқаш ЖЭО-да тексерістер: компанияға 27 млн теңге айыппұл салынды

Мемлекет басшысы мен Бас Прокурордың тапсырмасын орындау аясында Ұлытау облысының прокуратурасы, құрамына Жезқазған және Балқаш ЖЭО кіретін, «Kazakhmys Energy» ЖШС қызметінде заңнаманың талаптарын сақтау, сондай-ақ негізгі жабдықты жаңғырту тұрғысынан тексеру жүргізді, деп хабарлайды Ұлытау облысының прокуратурасы. 

Тексеру нәтижелері бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік, техникалық реттеу, электр энергетикасы, еңбекті қорғау салаларында, санитарлық-эпидемиологиялық нормалар және т.б. 600-ге жуық бұзушылықтар анықталды.

Атап айтқанда, объектілерді жаңғыртуға инвестициялардың болмауы, қабылданып жатқан шаралар ағымдағы ақауларды жоюмен шектелген, электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану ережелерін бұзу, жылу желілерінің температуралық кестелерін сақтамау, өлшеу құралдарын уақтылы салыстырып тексермеу және т.б.

Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша уәкілетті органдардың атына 16 прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, кінәлі адамдар 27 млн.теңге сомасына әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Бүгінгі таңда «Kazakhmys Energy» ЖШС 21 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл төледі.

Осыған қоса, уәкілетті органдар Жезқазған және Балқаш ЖЭО-да нақты іс шаралар мен орындау мерзімдері, оның ішінде жабдықтарды жаңғырту көрсете отырып, заң бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар енгізген.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте