Рейтингтік турнирде қазақстандық балуандар төрт медаль алды

4674

Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан күрестен рейтингтік турнирдің 3-күнінде ұлттық құрама 2 алтын, 1 күміс пен 1 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Рейтингтік турнир Қожамқұл Қабаұлы мен Ратбек Санатбаевтың құрметіне арналды.

Жарыс барысында әйелдер күресінен Марина Седнева (55 келі) мен Жәмила Бақбергенова (72 келі) жеңіс тұғырына көтерілді. Ал Ирина Казюлина (65 келі) күміс медальға қол жеткізді.

Еркін күрестен Нұрсұлтан Азов (97 келі) қола жүлде иеленді.

«Жылына төрт рейтингтік турнир бекітілген. Қазірге дейін мұндай жарыстар Хорватия мен Египетте өткізілсе, енді ол Қырғызстанда жалғасып отыр. Төртіншісі шілде айында Венгрияда жалауын көтереді. Балуандар рейтингтік турнирлерде ұпай жинайды. Нәтижесінде қыркүйек айында Сербияда болатын әлем чемпионатында ұпайды көп жинаған балуандар жартылай финал немесе финалға дейін бір-бірімен кездеспейді. Рейтингтік турнир аяқталғаннан кейін 10-18 маусым аралығында Бішкекте 17 және 23 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионаты өткізіледі», - деді ҚР Күрес федерациясы баспаөз қызметінің жетекшісі Аспандияр Есенжолов.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить