Бірліктің символы: Астанада президенттік саябақта діни қызметкерлер ағаш отырғызды
Астанадағы конфессияаралық келісім аллеясына түрлі діни бірлестіктердің өкілдері ағаш отырғызды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Астана дін істері басқармасы Конфессияаралық келісім аллеясына ағаш отырғызу акциясын ұйымдастырды. Іс-шараға елорданың діни бірлестіктерінің басшылары мен өкілдері қатысып, 100-ге жуық ағаш отырғызды.
«Діннің әрбір өкілі еліміздің дамуына зор үлес қосып келеді. Қоғам алға қарай дами беруі үшін жастар табанды, жан-жақты және рухани кемелді болуы керек. Бірлігіміз берік болсын!» – деді Астана қаласы Дін істері басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов.
Астананың және «Әзірет Сұлтан» республикалық мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов пен қалалық православие шіркеуінің өкілі Дмитрий Байдек өз сөзінде ағаш отырғызу жөніндегі дәстүрлі акция Қазақстандағы конфессияаралық келісімнің өзіндік көрінісі болып саналатынын атап өтті.
«2017 жылдан бастап біз Президент саябағының аумағына ағаш отырғызамыз. Енді біз кезекті отырғызылған ағаштарға күтім жасаймыз. Жақында гүлденгеннен кейін елорда тұрғындары мен қонақтарын сұлулығымен қуантады деп үміттенеміз», – деді Дмитрий Байдек.
Сенбіліктің негізгі мақсаты – қаланың тазалығына жұрт назарын аудару, экологиялық мәдениет пен ұлтаралық бірлікті қалыптастыру.
Вам может быть интересно: «Факт торговли новорожденным выявили в Мангистауской области»