
Биыл ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алуға және тауарлық кредиттер беруге кемінде 70 млрд теңге бағытталады
Ақтау қаласындағы теңіз жағалауында яхта суға батып кетті, деп хабарлайды Lada.kz.
Су көлігінің батып бара жатқанын куәгерлер видеоға түсіріп алған. Олардың айтуынша, шағын яхта 1-ықшам аудандағы «Бриз» клубының айлағында батқан.
«Яхта батып барады. Иесі үшін бұл ауыр қайғы ғой», - дейді видео авторы.
Қайықтарды жалға беретін компания келеңсіз оқиғаның болғанын растады.
«Яхта судан шығарылды. Зардап шеккендер жоқ», - деді компаниядан.
Айта кетсек, бұған дейін Әскери-теңіз күштерінің әртекті кемелер дивизионында теңізшілер кемелерді жазғы кезеңге дайындап жатқаны хабарланған болатын. Әскери қызметшілер қару-жарақтың жай-күйін тексеріп және анықталған ақауларды жояды.
Вам может быть интересно: «Концерт, жәрмеңке және жорық ботқасы: Астананың әскери қалашығында Отан қорғаушылар күні қалай өтті?»