Қазақстан және Қытай ғалымдары ғылымды жастар арасында насихаттауды бірлесіп жүзеге асырмақ

6955

Қазақстан және Қытай ғалымдары ғылымды жастар арасында насихаттауды бірлесіп жүзеге асырмақ. Бұл туралы тараптар Алматыда өткен кездесуде мәлімдеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закарья екі елдің жоғары оқу орындары мен ғылыми академияларының арасындағы ынтымақтастықты нығайту маңызын атап өтті. "Біз ғалымдардың халықаралық қатынасты ғылым арқылы дамытудағы ұмтылысын ерекше қолдаймыз. Қазақстан ғылым Академиясы Қытай ғылым академиясымен бірлесіп зерттеу жобаларын қолға алуға және оған жас ғалымдарды тартуға дайын", деді К. Закарья.

Өз кезегінде Қытай ғылым академиясының вице-президенті Жанг Тао қазақстандық ғылым академиясының президенті мен вице-президенттерін Аспан асты елі академиясының мүшесі атануға шақырды.

"Біз қазақстандық әріптестерімізді қытай ғылымының жетістіктерімен таныстыруға ниеттіміз", деді Қытай ғылым академиясының вице-президенті. Сонымен қатар Жанг мырза Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясының делегациясын Қытайда асыға күтетінін жеткізді.

Бұдан бөлек екі ел ғалымдары математика және өмір туралы ғылым саласындағы зерттеулерге баса назар аударатындығына тоқталды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить