Қазақстан жаңалықтар
6 мая 2023, 09:24
Биылғы үш айда 51 цифрлық майнинг ұйымы өз қызметі жайлы есеп ұсынды
Биыл үш айда цифрлық майнинг саласында жұмыс істейтін 51 ұйым өз қызметі туралы есеп ұсынған. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ресми сайтына хабарлайды.
«Биыл 27 сәуірдегі жағдай бойынша 258 ұйым цифрлық майнинг саласындағы қызметтің басталғаны туралы және 57 ұйым цифрлық майнинг өндірісіне арналған инфрақұрылымды ұсыну туралы ресми түрде министрлікті хабардар етті. Сондай-ақ 51 ұйым 2023 жылдың І-тоқсаны бойынша тоқсандық ақпаратты жіберді», - делінген ведомствоның есебінде.
Вам может быть интересно: «Қосшыда 5 жасар баланың терезеден құлап кетуіне байланысты полиция іс қозғады»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes