Қосшыда 5 жасар баланың терезеден құлап кетуіне байланысты полиция іс қозғады

3336

Қосшы қаласында (5 жасар баланың терезеден құлау дерегі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылғы сәуірдің 17-сінде Қосшы қалалық ПБ кезекші бөліміне Астана қалалық №2 балалар ауруханасына «жабық бас сүйегінің жарақаты, ми шайқалу, іштің тұйық жарақаты, сол жақ иық сүйегінің сынуы» диагнозымен 5 жасар баланың түскендігі туралы хабарланған.

«Анықталғандай, зардап шеккен бала сол күні үйінде 2016 жылғы әпкесі екеуі ғана болған, ата – анасы жұмысқа кеткен. Бала 4 қабаттағы пәтердің терезесінен құлаған. Жылап жатқан баланы көріп, өтіп бара жатқан адамдар жедел жәрдем шақырды. Қазіргі уақытта бала ауруханада жатыр», - деді ведомстводан.

ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 141-бабының 1-бөлігі «балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында 4 жасар баланың денесі кәріз құдығынан табылғанын жазған едік.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить