Президент Гурбангулы Бердімұхамедовке көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Түрікменстан халк маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовке анасы Огулабат Бердімұхамедованың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

«Анаңыз – қадірлі Огулабат Бердімұхамедованың қайтыс болғаны туралы қаралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Огулабат эдженің өмір жолы өз Отанына және халыққа деген шынайы сүйіспеншіліктің, сондай-ақ даналықтың, рухани байлықтың және үлкен мейірімділіктің үлгісі саналады. Орны толмас қайғыңызға ортақтаса отырып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге және жақындарыңызға көңіл айтамын», – деп жазылған жеделхатта.

Сонымен қатар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовке көңіл айтты.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте