Зейнетақыны 30-50%-ға көтеру туралы ақпарат шындыққа жанаспайды

3596

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде зейнетақы төлемдерін қайта есептеу арқылы 30-50% - ға арттыру туралы шындыққа жанаспайтын және интернет-алаяқтық белгілері бар ақпарат таратылды.

Таратылған бейнероликте зейнетақыны арттыру үшін 20 жылдан бастап еңбек өтілі және еңбек кітапшасында белгілі бір жазба болуы керек деп айтылады. Бұл жағдайда роликтің авторы оның қандай жазба екенін білу үшін сілтемеге өтуді сұрайды.

«Азаматтарға тексерілмеген сілтемелерге кірмеуге, сонымен қатар алаяқтар пайдалана алатын күмәнді интернет-ресурстарда өздерінің жеке деректерін қалдырмауға кеңес береміз.

Ақпаратты тек ресми көздерден пайдалануды сұраймыз.

Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз», - ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить