Алматыдағы «Саяхат» автобекетінің орнына не салынады

1773

 Алматыда бұрын «Саяхат» автобекеті тұрған аумақта жаңа тұрғын үй кешені, мектеп, балабақша, саябақ салынып, үлкен сағат қайта қалпына келуі тиіс. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, Райымбек даңғылының солтүстігі мен Сүйінбай даңғылының шығысында орналасқан ауданы 4,4 га «коммерциялық үй-жайлар мен жерасты паркингі бар көпфункционалды тұрғын үй кешені» нысаналы мақсаты бар жер учаскесі 2018 жылдың қазан айындағы №3852 меншікке беру шарты негізінде «Sayahat Realty» ЖШС-не тиесілі. Сонымен бірге, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес, «Саяхат» автобекетінің ауданы – Пушкин көшесінің (Райымбек даңғылынан Гоголь көшесіне дейін) автокөлік жолы бойындағы аумақты қайта құру жобасына (мастер-жоспар) кіреді.

«Аталған жер учаскесі құқық белгілейтін құжаттар негізінде заңды тұлғаның меншігінде. Меншік иесінің айтуынша, аумақта жалпы білім беретін мектеп және балабақша салу жұмыстары жоспарланған. Алматылықтардың есінде қалған үлкен сағат қайта қалпына келтіріледі. Сондай-ақ, шамамен 1,3 гектар аумақта саябақ салу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары (ҚМЖ) жүріп жатқан жоқ. Құрылыс салушы барлық заңнамалық рәсімнен өткен соң ғана ҚМЖ-ға кірісе алады. Құрылыс жұмыстарын, оның ішінде ҚМЖ-ның басталу және аяқталу мерзімін бақылау Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасының құзыретіне кіреді», - деп хабарлады әкімдіктен.

Сондай-ақ, ведомствода мегаполистің жаңа бас жоспары бойынша көлік-трансплантациялау тораптары (ТПУ) қаланың шығыс және батыс бөлігінде: Батыс ТПУ – «Барлық» базарының орны, Шығыс ТПУ – Алматы-2 вокзалының маңында қарастырылғанын хабарлады.

Еске салсақ, Алматыдағы «Саяхат» автобекеті 2008 жылы сүрілген болатын. Қала әкімдігі сол кезде бұл шешімді көлік-трансплантациялау торабының өзектілігі болмауына байланысты қабылдаған. Сонымен қатар, автобекет Алматы қаласының тарихи және сәулет ескерткіштерінің тізіміне енбеген.

Сондай-ақ, бұған дейін Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесуі кезінде аудан әкімі Гүлнар Көкебаева «Саяхат» автобекеті маңынан жаңа емхана салынатыны туралы айтқан еді.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить