Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі жеңісімен құттықтады

2414

Президент өз инстаграм-парақшасында қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллс кортындағы жеңісімен құттықтады.

«Индиан-Уэллстегі беделді турнирде жарқын жеңіске жеткен Елена Рыбакинаны құттықтаймын!

Біздің спортшымыз асқан шеберлігін, жеңіске деген мұқалмас ерік-жігерін және спорттағы жоғары мәдениет үлгісін көрсетті.

Елена әлемдегі үздік корттарда жаңа жетістіктерге жете береді деп сенемін!» – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить