Қазақстанда бәр тәулікте 36 адамнан коронавирус анықталды

Өткен бір тәулікте ел өңірлерінде коронавирусқа шалдығудың 36 жағдайы анықталды, деп хабарлайды ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

19 наурыздағы жағдай бойынша, 1 801 адам коронавирус инфекциясынан (коронавирустан (КВИ+) – 1 628, коронавирус пневмониясынан (КВИ-) – 173) емделуде, олардың ішінде 135 пациент стационарда, 1 666 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 2 адамның жағдайы ауыр,

- 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 1 науқас өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

Айта кетейік, 17 наурыз күнгі тәулік ішінде 77 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Төрт адам пневмонияға шалдықты.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4118 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить