«Қазақстан халқына» қоры эпилепсия диагнозы бар 88 баланы дәрімен қамтамасыз етті

3639

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры ауыр және сирек аурулары бар азаматтарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жалғастыруда. 2023 жылдың ақпан айының соңында және наурыз айының басында еліміздің 5 өңіріндегі денсаулық сақтау басқармаларына эпилепсия диагнозы қойылған 88 балаға жалпы сомасы 4,4 млн теңгеге «Сабрил» дәрісі жеткізілді.

Препарат Түркістан облысындағы 21 балаға, Шымкент қаласындағы 24 балаға, Павлодар облысындағы 18 балаға, Солтүстік Қазақстан облысындағы 12 балаға және Ақмола облысындағы 13 балаға арналған.

Өткен жылдан бері «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 16,1 миллиард теңгеден астам сомаға өмірге қауіп төндіретін және созылмалы сырқаты бар 236 науқасты дәрілік заттармен қамтамасыз етті. Олардың 230-сы сирек кездесетін (орфандық) аурулары бар, олардың ішінде 204-і бала.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить