Қаржы пирамидасының кезекті жетекшісі Қазақстанға экстрадицияланды

3821

Украина Бас прокурорының офисі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қаржы пирамидасының қызметін ұйымдастырғаны және басқарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстан азаматшасы «К»-ны экстрадициялау туралы өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

Тергеу барысында аталған адамның 2017-2018 жылдар кезеңінде тұрғын үй сатып алуға жәрдемдесуге уәде беріп, қазақстандық азаматтардың 85 млн. теңгеден астам ақшалай қаражатын алдап алғаны анықталды.

Қылмыс жасағаннан кейін азаматша «К» қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланды.

Ағымдағы жылдың қаңтарында күдіктіні Украина аумағында сол елдің құқық қорғау органдары ұстады.

Бүгін Қазақстанның Бас прокуратурасы мен Интерпол қызметкерлері шетелдік әріптестерінің көмегімен азаматша «К»-ны біздің елімізге экстрадициялады.
Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Жоғарыда аталған қылмыс жасағандар 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкіндігін ескертеміз.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить