Қазақстанда коронавирус пен пневмонияға бір тәулікте 123 адам шалдықты
09 февраля 2023 08:15
2576
Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясы – 114, коронавирус белгілері бар пневмония 9 адамнан анықталды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
9 ақпандағы мәлімет бойынша, қазір өңірлерде коронавирус инфекциясынан 1 595 адам (коронавирустан (КВИ+) –1 435, пневмониядан (КВИ-) – 160) емделіп жатыр. Олардың ішінде 119 пациент стационарда, 1 476 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 5 адамның жағдайы ауыр.
8 ақпанда коронавирус пен пневмония 91 адамда тіркелген болатын.
Вам может быть интересно: «Маңғыстауда көктайғақ салдарынан үш бағыттағы облыстық жол жабылды»
Подписывайтесь на нашу страницу в Facebook
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter