Қарашада Маңғыстау облысында азық-түлік бағасы 31 пайызға дейін өскен

2873

Қараша айында елдегі жылдық инфляция үдеп, 19,6% (қазанда – 18,8%) болды. Аймақтар арасында жылдық инфляция 19 өңірде қарқын алды. Ал 1 өңірде (Абай облысы) 19,5% деңгейінде өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Ұлттық банкі.

Жылдық инфляцияның мейілінше жоғары мәні Маңғыстау облысында (23,8%), Астана қаласында (22,6%) және Ақмола облысында (21,0%) тіркелген.

«Азық-түлік бағасының өсу қарқыны қарашада 24,1%-ға дейін (қазанда – 23,1%) жеделдеді. Осы топқа жататын тауарлардың бағасы Маңғыстау облысында айтарлықтай өсті (31,4%).

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны ж/ж 18,6%-ға дейін жеделдеді (қазанда – 17,9%). Ең жоғары мән Астана қаласында (28,8%), ең төменгі мән Алматы облысында (15,8%) тіркелді», - деді Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты департаменті нақты сектор мониторингі басқармасының бастығы Игорь Осипов.

Ақылы қызмет көрсету бағасы қарашада 14,1%-ға өскен, бұл ретте баға Маңғыстау облысында (18,0%) жалпы республикалық деңгейден едәуір жоғары, Ақтөбе облысында (10,8%) едәуір төмен болды.

Игорь Осипов 2022 жылғы қарашада елдегі айлық инфляция 1,4% құрағанын айтты, бұл соңғы 5 жылдағы (2017-2021 жылдары: 0,8%) қараша айындағы инфляцияның орташа мәнінен едәуір жоғары.

Барлық өңірде баға 2022 жылғы қарашада орташа тарихи нормадан жоғары болды. Айлық инфляцияның ең көп мәні Ақмола облысында байқалды (2,0%).

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить