ҚР ТЖМ: елімізде «Қыс-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

4084

Оқу-жаттығу 2022 жылғы 24-25 қараша аралығында Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің және халықтың қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жоюға дайындығы мен қабілеттілігін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға дайындығын тексеру мақсатында өткізіледі.

Оқу-жаттығуды басқару штабы Қостанай қаласында орналасқан. Оқу-жаттығудың жетекшісі ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков болып табылады.

«Қыс-2022» оқу-жаттығуы шеңберінде 2022 жылғы 25 қарашада республика бойынша ТЖ жою жөніндегі іс-қимылдарды пысықтау бойынша командалық-штабтық жаттығулар, авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құралымдарымен практикалық іс-қимылдар өткізілетін болады.

«Қыс-2022» РКШО барысында ел өңірлерінде электр сиреналарын іске қоса отырып, құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізілетін болады. Бұл іс-шара халыққа «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналына ден қою тәртібін дағдыландыру мақсатында өткізіледі.

Осыған байланысты ТЖМ тыныштық сақтауды және дүрбелеңге түспеуді сұрайды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить