Ғизат Нұрдәулетов ТМД қауіпсіздік кеңесі хатшыларының кездесуіне қатысты

Мәскеу қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңесі хатшыларының 10-шы кездесуі өтті. Оған Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты, деп хабарлайды Ақорда.

Форумда ТМД кеңістігіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықтың заманауи сын-қатерлері жағдайындағы өзара іс-әрекет мәселелері қарастырылды.

Ғизат Нұрдәулетов әріптестерін Қазақстанның өңірлік қауіпсіздіктің негізгі бағыттары бойынша ұстанымы жайында хабардар етті.

Атап айтқанда, ол ашық және сындарлы саяси-дипломатиялық диалог кез келген дағдарыстан шығудың тиімді әрі оңтайлы жалғыз жолы екенін жеткізді.

Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы өз баяндамасында ТМД-ның Оңтүстік шекараларындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Ауғанстандағы жағдайды тезірек реттеу қажеттігіне назар аударды.

Іс-шара аясында Ғизат Нұрдәулетов Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Николай Патрушевпен екіжақты кездесу өткізді.

Кездесу нәтижесінде екі елдің Қауіпсіздік кеңесінің аппараттары арасындағы 2023-2024 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте