«Табиғатта қоқысқа жол жоқ!» республикалық акциясы өз мәресіне жетті

2800

2022 жылғы 5 қазанда «Табиғатта қоқысқа жол жоқ!» атты жалпыұлттық экологиялық акциясы бастама алған болатын, деп хабарлайды ҚР ЭГТРМ Баспасөз орталығы.

Мақсаты - табиғатқа деген тиімсіз әрі тұтынушылық көзқарасқа қарсы тұратын адамдардың басын біріктіру.

Қоқыстардан тазартуды қажет ететін ең ластанған жерлер анықталып, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп акцияны өткізу кестесі бекітілген болатын.

Бірінші кезең а.ж. 8 қазанында бүкіл республика бойынша басталып, соңғысы өткен сенбіде аяқталды.

Акцияның барлық 4 кезеңінде экоактивистер, еріктілер, кәсіпорындар мен мемлекеттік органдардың өкілдері, жалпы халық болып қатысты. Бұл – шамамен 847 мыңнан астам адам.

30 мың тоннадан астам қалдық жиналды. Жиналған қоқыс сұрыпталып, қайта өңдеуге 5,5 мың тонна шыны, 9,2 мың тонна пластик, 3,1 мың тонна резеңке, 4,4 мың тонна қағаз бен картон және 2,7 мың тонна металл жөнелтілді.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить