Абай облысы әкімдігінде департамент басшылары тағайындалды

2414

Абай облысында бірқатар департаменттің басшысы тағайындалды, деп хабарлайды Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.


Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Абай облысының әкімі бұған дейін тағайындалған департаменттер басшыларын таныстырды.

- Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі аппараты басшысының бұйрығымен Абай облысы бойынша облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы лауазымына Мақсат Елемесов тағайындалды

- Абай облысы бойынша еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің басшысы лауазымына Анар Ерембаева тағайындалды.

- Абай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша департаментінің басшысы лауазымына Асхат Сағидолдин тағайындалды.

- Абай облысы бойынша техникалық реттеу департаментінің басшысы лауазымына Айнара Мұхаметқалиева тағайындалды.

- Абай облысы бойынша экология департаментінің басшысы лауазымына Серік Сарбасов тағайындалды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить