Алматы облысында екі мектепке бомба қойылды

2819

 Іле ауданының орталығы Өтеген батыр кентіндегі екі мектепке бомба қойылғаны туралы хабарлама түсті. Қазіргі уақытта мектеп аумағы қоршалып, балалар мен мұғалімдер толық эвакуацияланды, деп хабарлайды Алматы облысы Іле ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Алматы облысы Іле ауданы әкімінің баспасөз қызметі әлеуметтік желіде Өтеген батыр кентінің екі мектебінде бомба қойлығаны туралы ақпарат жария етті.

Әкімдіктің мәліметінше, 22 қыркүйекте Іле аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне Өтеген батыр кентіндегі № 7, № 13 мектептеріне жарылғыш заттың қойылғаны туралы хабарлама түседі. Оқиға орнына дереу ауданның жедел қызметінің күштері мен құралдары жіберілді.

«Қазіргі уақытта мектеп аумағы қоршалып, балалар мен мұғалімдер толық эвакуацияланды. Іс-шаралар алгоритмге сәйкес жүргізілуде. Қосымша ақпарат іс-шаралар аяқталған соң беріледі. Іле ауданы Өтеген батыр ауылының тұрғындары мен қонақтарын сабырлық сақтап, үрейленбеуге шақырамыз», - делінеді әкімдік хабарламасында.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить