Ядролық қарудан азат әлем құруды жалғастыра береміз – Тоқаев

1813

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ядролық державалар арасында күшейіп келе жатқан бәсеке мен текетіреске алаңдаушылық білдірді

«Бұған дейін Қазақстан ядролық қару сынақтарынан көп зардап шекті. Сондықтан ядролық державалар арасындағы текетірестің күшею қаупін жақсы түсінеміз. Осыған орай ядролық қарусыздану Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды қырына айналды. Біз ядролық қарудан азат әлем құру жолындағы күресімізді жалғастыра береміз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-сессиясының жалпы дебатында.

Президент бұл саладағы кейбір жетістіктерге қарамастан, жалпы ахуал жақсы емес екенін жеткізді.

«Ядролық державалар арасында күшейіп келе жатқан бәсеке мен текетірес бізді алаңдатады. Сондай-ақ біз Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың жалпы конференциясы аясында ілгерілеу жоқ екеніне алаңдаймыз. Алдымызда қарусыздану және ядролық қаруды таратпау саласындағы жаңа механизмдерді әзірлеу жөнінде аса күрделі міндет тұр», - деді Қ.Тоқаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан Президенті Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 77-сессиясының жалпы дебатының ашылуына қатысып отыр.

Оған дейін Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-ші сессиясының аясында Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйенмен екіжақты келіссөз жүргізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 77-сессиясы пленарлық отырысының алдында Иордания Королі ІІ Абдалламен әңгімелесті.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить