Алматы облысында жүк пойызы 120 қойды басып кетті

2838

Алматы облысында жүк пойызы 123 бас қойды басып кетті, деп хабарлайды Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Ағымдағы жылғы 12 қыркүйек күні сағат 01.24-те Алматы облысының «Жетіген-Құрөзек» аралығында жүк пойызының машинисі темір жолдан өтіп бара жатқан бір отар қойды байқап, шұғыл тежегішті басты. Алайда, қақтығыстың алдын алу мүмкін болмады, соның салдарынан 530 бас қойдың 123-і поезд астына түсіп, өлді. Пойыз 13 минут кідірді», - деді Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев.

Оның айтуынша, оқиға орнына Алтынкөл станциясындағы Желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері бірден жетіп, жүргізілген іс-шаралар барысында малдың иесін анықтады. Ол Алматы облысы Туғанбай ауылының 36 жастағы тұрғыны болып шықты.

«Аталған азамат ҚР ӘҚБтК 559-бабының 1-бөлігі, яғни темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді полиция генерал-майоры.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить