Мысырда маймыл шешегін жұқтырған алғашқы науқас тіркелді

3354

Еуропада тұратын және екі ортаға жиі қатынайтын мысырлықтан маймыл шешегі анықталды. Бұл – Египеттегі алғашқы дерек, деп хабарлайды CОVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның телеграм каналы.

Мысырда маймыл шешегін жұқтырған алғашқы науқастың тіркелгені туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлаған.

«42 жастағы ер адам мамандандырылған оқшаулау ауруханасына карантинге жатқызылды және оның жағдайы тұрақты», - делінген аталған ведомство хабарламасында.

Министрлік бұл жағдайды эпидемиологиялық мониторингінің әдеттегі рәсімдері кезінде анықтап, пациентке және онымен тікелей байланыста болған адамдарға қатысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған алдын алу шаралары қабылданғанын мәлімдеді.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
КАК ДЕЛАЛИ РЕЙТИНГ БОГАТЕЙШИХ БИЗНЕСМЕНОВ КАЗАХСТАНА Смотреть на Youtube