Қостанайда 484 млн теңге бюджет қаражатын жымқырғандар сотталды

2062

Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанайда мемлекеттік инвестициялық бағдарлама аясында 484 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Бұл туралы Агенттік хабарлайды.

«Қаражат шаруа қожалықтарына субсидия ретінде күн энергиясын пайдаланып құдықтардан су көтеретін құрал-жабдықтар алуға бөлінді. Сот үш айыпталушыны құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тапты. Үкім заңды күшіне енді. Нәтижесінде іске қатысы бар бір адам 5 жылға, қалғандары 6 жылға бас бостандығынан айырылды»,- делінген хабарламада.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить