Түркістанда алкоголь өнімдерін заңсыз шығаратын 3 цех анықталды
Түркістан облысында жасанды алкоголь өнімдерін шығаратын цехтердің жолы кесілді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлайды.
ҚМА Жедел-тергеу іс-шаралары барысында бір топ азаматтар Түркістан облысы және Шымкент қаласында орналасқан қойма үй-жайларында жасанды алкоголь өнімін өндіру бойынша 3 жасырын цех жұмыстарын ұйымдастырып, заңсыз өнімді Түркістан облысы аумағында орналасқан сауда орындарына сатқан. Цехтерде жүргізілген тінту кезінде 5,5 мың дана есепке алу-бақылау маркалары, 5 тоннадан аса құрамында спирті бар сұйықтық, 6,5 мың бөтелке арақ, 24 мыңнан аса заттаңба анықталып, тәркіленді. Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Вам может быть интересно: «Қазақстанда түсті металлургия өндірісінің көлемі 7,6 пайызға артты»