Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидалары бекітіледі

2134

Қорғаныс ведомствосы «Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы» Қорғаныс министрінің бұйрығына толықтырулар әзірледі.

Құжат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызмет және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 15 сәуірдегі ҚР Заңын іске асыру шеңберінде әзірленді.

Құжаттың жобасы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 41), 44) және 45) тармақшаларына, «Запастағы офицерлер және запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери даярлық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 375 және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясының ұшуларын өндіру қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы желтоқсан № 744 бұйрықтарына кейбір түсініктемелерді сәйкес келтіруге жіберілді. Атап айтқанда, олар қатардағы, сержанттар мен офицерлер құрамына қатысты.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде осы жылдың 25 тамызына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
АЛЕКСАНДР ГЕРЧИК: $20 МЛН ЗА 25 ЛЕТ В ТРЕЙДИНГЕ Смотреть на Youtube