Балалардағы COVID-19-дың ерекшеліктері туралы: бүгінгі таңда жағдай түбегейлі өзгерді

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан бойынша COVID-19 диагнозы расталған 7205 бала стационарлық ем алды. Олардың 95,6% ауруханадан шықты. 2022 жылғы 1 шілдеден бастап ауруханаға жатқызу жиілігі 17 есе өскен. 11 тамыздан бастап бұл көрсеткіш төмендеп келеді.
Мұндай мәліметтерді Астана медицина университетінің балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, ҚР ДСМ штаттан тыс бас инфекционисті, медицина ғылымдарының докторы Динагүл Баешева ОКҚ брифингінде жария етті.

«Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында, Қызылорда, СҚО және Жамбыл облыстарында ауруханаға жатқызылған балалар көп. Олардың ішінде - ауырлығы орташа дәрежедегі балалар - 75%, 1% - ы-ауырлығы ауыр дәрежеде, жеңіл дәрежеде - 23,7%. «Аурудың алғашқы толқынында балалардың жас құрылымында 5-12 жастағылар басым болды. Қазір, көріп отырғанымыздай, барлық жас топтары арасында ауру біркелкі таралуда, бұл вирустың отбасылық таралуының дәлелі болып табылады. Ауруханаға жатқызылған науқастардың клиникасына ерекше назар аудару керек.

Егер аурудың бірінші толқынында ауруханаға жатқызылған пациенттердің негізгі контингенті симптомсыз және аурудың жеңіл ағымы бар балалар болса, қазіргі уақытта бұл көрсеткіштер өзгерді, ауырлығы орташа науқастар ауруханаға жатқызылады. Бірінші толқында аздаған жөтел болып, балалардың әл-ауқаты нашарлаған жоқ, тамағы ауырып, кейбіреулерінде дене қызуы көтерілді, бүгінде жағдай түбегейлі өзгерді. Балалар интоксикация синдромымен түсіп жатыр: бұл температураның жоғары болуы, жөтел.

Ересектер үшін ЖРВИ қорқынышты болмаса, балалар үшін, әсіресе үш жасқа дейінгілерде ол қауіпті, әсіресе тамағы ауырғанда, дауысы өзгерсе, қатты жөтел мен температураның әсерінен тыныс алуы қиындаса. Бұл ларинготрахеит. Сондай-ақ, бүгінгі таңда инфекциялық процес орталық жүйке жүйесіне де әсерін тигізеді, ал бұл кез келген инфекция кезінде ауыр жағдай ретінде қаралады», - деп атап өтті спикер.

Барлық осы жағдайлар үшін клиникалық хаттамалар бар, онда қадамдық диагностика және терапия сипатталған.

Денсаулық сақтау министрлігі жанында мониторинг тобы, сондай-ақ Асфендияров институты мен «Астана» медициналық университетінің профессор-оқытушылық құрамынан құрылған мультидисциплинарлық команда жұмыс істейді, олар тәулік бойы коронавирус инфекциясын жұқтырған, сондай-ақ мультижүйелік қабыну синдромы бар ауыр балаларға мониторинг жүргізеді.

МҚС ауырғаннан кейін төрт апта өткен соң жиі тіркеледі. 2020-2021 жылдары 45 жағдай тіркелді, ал биыл - 6. Яғни, айтарлықтай асқынулар жоқ.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2370 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
Лилия Рах: Из деревни - к звёздам мировой индустрии моды Смотреть на Youtube