Данияр Жаналинов Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы болып тағайындалды

1677

Данияр Жаналинов 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Қазақ көлік және коммуникация академиясын бітірген, экономист.

Еңбек жолын 2000 жылы салық инспекторы қызметінен бастап, 2008 жылға дейін Алматы облысы бойынша Салық комитетінде түрлі қызметтер атқарған.

2008-2010 жылдары – Алматы облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары.

2010-2014 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің құрылымында басшылық қызметтерді атқарды.

2014-2018 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

2018-2021 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

2021 жылғы тамыз айынан бастап ҚР Қаржы вице-министрі болып жұмыс атқарған.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
КАК ДЕЛАЛИ РЕЙТИНГ БОГАТЕЙШИХ БИЗНЕСМЕНОВ КАЗАХСТАНА Смотреть на Youtube